Антарктикада ежелгі құрлық болуы мүмкін (видео)

0
172

Антарктикадағы мұз қалдықтарының астында ежелгі құрлық болуы мүмкін. 2009-2013 жылдары Gravity және Ocean Circulation Explorer (GOCE) көмегімен жиналған ақпарат Nature Scientific Reports-та жарияланды.  

Германиядағы Киль университетінің командасы мен Британдық антарктикалық зерттеу тобы әлі күнге дейін GOCE миссиясымен жасалған барлық деректерді жинап жатыр. Олар Антарктикадағы мұз астынан түрлі пішіндерді байқаған. Ғалымдар GOCE мәліметтерін сейсмологиялық деректермен біріктіріп, Антарктикалық мұз қатпарының астын 3D картаға түсірді. Зерттеушілер гравитациялық градиенттер туралы деректерді пайдалана отырып, Антарктикадағы мұз қабаттары мен Жер қыртысының түбін көре алады.

Тың зерттеулер тек геологтарды ғана емес планета тарихын түсіну үшін әлемді қызықтырып отыр.

Төмендегі визуализациядан Антарктика аймағының плиталар тектоникасы қалай қалыптасқанын және Антарктиканың Австралия мен Үндістаннан қалай бөлінгенін көруге болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз