Армения премьер-министрінен коронавирус табылды

0
96
Армения премьер-министрі Никол Пашинян.

Арменияның премьер-министрі Никол Пашиняннан Covid-19 вирусы табылды. Бұл туралы Пашинян Facebook-тағы онлайн жиында айтты.

“Коронавирусқа қарсы тест тапсырдым. Өкінішке орай менен вирус табылды”, – деді Пашинян.

Оның сөзінше отбасы да вирусқа қарсы тест тапсырған. Барлығынан Covid-19 анықталған.

“Симптомдар білінбейді, температурамыз қалыпты. Қазір карантиндеміз. Жұмысты үйден жалғастыратын боламын. Мұнда бар жағдай жасалған”, – деді Армения премьері.

Бір апта бұрын Пашинян Арменияда коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеген.

Джон Хопкинс университетінің хабарлауынша, Арменияда 9,3 мың адам вирус жұқтырған, 131 адам қайтыс болған, 3,4 мың адам айыққан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз