Белорусь Ресей электр энергиясын импорттаудан бас тартты

0
120

Белорусь Республикасының энергетика министрі Владимир Потупчик Ресейдің электр энергиясын импорттаудан бас тартқаны жайында мәлімдеді, деп хабарлайды CA-News.

Энергетика министрі парламентте сөйлеген сөзінде «Біз Ресеймен келіссөздерді аяқтадық. Біз Ресей ұсынған бағаға электр энергиясын сатып алмаймыз. 2018 жылдан бастап электр энергиясын импорттаудан бас тартамыз», деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, РИА Новости агенттігі Inter RAO Белоруссияға электр энергиясын жеткізуге дайын екендігін, оның ішінде электр энергия экономикалық талаптарға сай екенін хабарлайды.

Белорусь Республикасы қаңтар-маусым айларында электр энергиясының импорты өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20,4% -ға қысқарып, 1,06 млрд. КВт / сағ дейін, қаңтардан бастап Ресейден 2,56 млрд. КВтс-қа дейін жеткізу жоспарланған.

Бұған дейін Беларусь мемлекеті электр энегриясынан 2020 жылы БелАЭС құрылысы аяқталғаннан кейін ғана бас тартатынын айтқан болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз