“Еуропа өзін-өзі өлтірді” – Макрон: бірінші жаһан соғысының аяқталғанына ғасыр толды

0
74
BBC

Бірінші дүниежүзілік соғысқа нүкте қойған Компьен мәмілесіне 1918 жылдың 10 қарашасында қол жеткізілген еді. 2018 жылы аталған мәмілеге тура ғасыр толады. Бейбітшілік келісімі жасалған аймақ Францияға11 қарашада  атаулы күнге 100 жыл толуына орай жаһан лидерлері жиналды.

дереккөзден

Мемлекет басшылары Елисей сарайында жиналып, кейіннен автобуспен басты мереке атап өтілетін Салтанат қақпасына жеткізілді. Бірінші дүниежүзілік соғыс 1918 жылы 11 қарашада сағат күндізгі 11-де аяқталды. Осыған орай салтанат қақпасына жиналғандар 4 жыл соғыста қаза тапқан шамамен ондаған миллион әскер мен жеті миллион азаматты еске алып, аза тұтты. Франция президенті Эммануель Макрон жұбайымен мемлекет басшылары мен үкімет өкілдерін күтіп алды. Германия канцлері Ангела Меркель жұбайы Йоахим Зауерсіз келді. Елисей сарайын соңғы келген мемлекет басшысы – А. Меркель.

дереккөзден

Deutche Welle басылымы таратқан ақпарға сәйкес, Ресей президенті Владимир Путин және АҚШ басшысы Дональд Трамп Салтанат қақпасына өздерінің көліктерімен жетті. Қалған ел басшылары автобуспен Салтанат сарайына жеткізілді. Путин жолай Францияда соғысқан Ресей империясы әскеріне орнатылған экспедициялық корпустағы ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Трампқа қарсылық

Оқиғаның қалыпты бет алысын Елисей сарайы жақтан шыққан Femen белсендісі бұзды. Белсенді Трамп мінген көлікке жақындап келген, бірақ жергілікті полицейлер әйелді құрықтап үлгерді. Оның кеудесінде “Fake Peacemaker” (“Жалған Бітімгерші”) деген жазу болған.

“Еуропа өзін-өзі өлтірді” – Макрон
дереккөзден

Салтанат сарайында көп назар Макронға ауды. Қалған ел басшыларының атаулы шараға қатысуының өзі жеткілікті еді.  Мектеп оқушылары соғыстағы жауынгерлердің хаттарын ағылшын, француз және неміс тілдерінде оқыды.

Іс-шараны әскери оркестр Францияның әнұранымен ашты. Салтанатта сөз алған тек Франция басшысы – Макрон. Макрон өз сөзінде Бірінші дүниежүзілік соғыс тудырған зардаптарды алға тартып, көз жұмған он миллион жауынгерді, үш миллион жесір мен алты миллион жетімдерді ойға алды.

дереккөзден

Макрон соғыстан кейін Францияның ауыл-аймағында тірі адам қалмағанын айтты. “Еуропа өзін-өзі өлтірді”, – деді Макрон. Франция басшысының сөзіне өзге елбасшылары шапалақтап, қолдау білдірді.

Путиннің Трамппен “қалыпты” сұхбаты

11 қарашада Франция астанасындағы тағы бір атаулы шара Париж бейбітшілік форумы еді. Бұл да Макронның бастамасы. Бұл бастама арқылы Макрон әріптестеріне “ұжымдық жауапкершілікті” сезіндіргісі келді. Енді форум жыл сайын өтетін болады.

дереккөзден

Форумға бармай тұрып, мемлекет басшылары Елисей сарайындағы түскі асқа ат басын бұрды. Трамп пен Путин тағы да өз көліктерімен жол тартты.

Түскі ас уақытынды Ресей мен АҚШ басшылары қысқа сұхбат жүргізе алды. Бұған дейін Трамп пен Путиннің Парижде келіссөздер өткізетіні хабарланған еді, бірақ Париж 11 қарашада қос мемлекет басшысының толыққанды келіссөздер жүргізбеуін сұрады. Ресей басшысының сөзінше, АҚШ-тық әріптесімен қысқа келіссөздер ойдағыдай өткен, кезекті саммитті айдың соңында Буэнос-Айресте өткізбек.

Бейбітшілік форумын Меркель ашты

Түскі астан кейін Трампты есепке алмағанда өзге мемлекет басшылары Париж бейбітшілік форумына бет алды. Бұл оқиға символизм іспеттес. Макронның сөзінше, осыдан бір ғасыр бұрын соғысқан мемлекеттер енді бейбіт түрде бір алаңға жиналып отыр. “100 жыл бұрын біз бейбітшілікке қол жеткізе алмадық, себебі Франция мен Германия қарсылас болды”, – деп атап өтті Макрон. Сол себептен, тұңғыш бейбітшілік форумын Германия канцлері Ангела Меркель ашты.

дереккөзден

Меркель аталған форумды ашу үлкен құрмет екенін айтты. Меркельдің сөзінше, бірінші дүниежүзілік соғыс “ұлттық озбырлық пен әскери асылықтықтың неге әкеп соқтыратындығынын көрсеткіші”. Бірінші дүинежүзіліктен кейін ұлттар Лигасы құрылды, бұл да жемісін бермеді. Мұның жауабы тек екінші дүниежүзіліктен кейін табылды, бұл – БҰҰ, дейді Германия канцлері.

Меркель БҰҰ тарапына айтылатын сындардың баршылығын алға тартып, бірақ аталған ұйымсыз “өмір жақсармас еді”, – дейді. Мұндай ұйымдарды құрғаннан қарағанда, бұзудың оңай екендігін де тілге тиек етті Германия канцлері. Меркельдің сөзінен кейін жаһандық бейбітшілікті сақтау мақсатын қадап айтқан БҰҰ Бас хатшысы А. Гуттериш сөз алды. Осылайша, бейбітшілік форумының ашылуы тәмамдалып, мемлекет басшылары форум аясында өтетін дөңгелек үстелдерге қатысуға беттеді. Путин бұл шараның біріне де қатыспады.


Атаулы шараға әлемнің 60 елінен келген мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйым өкілдері қатысты.

дереккөзден

Қатарда Ресей басшысы В. Путин, Германия канцлері А. Меркель, Түркия басшысы Р. Ердоған, Израиль премьер-министрі Б. Нетаньяху, Украина басшысы П. Порошенко, БҰҰ Бас хатшысы А. Гуттериш, НАТО Бас хатшысы Й. Столтенберг, ЮНЕСКО Бас директоры О. Азуле бар.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз