Facebook-ке қауіп

0
65
дереккөзден

Сауда бойынша Америка Федералды комиссиясы Facebook компаниясына айыппұл салуға ниетті. Бұл туралы The Washington Post жазады.

Комиссия Федералды тергеу бюросы, Әділет министрлігі және өзге де мекемелермен бірігіп маркетинг үшін әлеуметтік желі қолданушыларының жеке ақпарлары жарияға жар болғаны үшін Facebook-ке қатысты тергеу амалдарын жүргізген еді.

Facebook желісінен ақпарлар тарап кеткені үшін зардап шеккендер саны 87 миллион адам деп саналады. Айыппұл ауқымы 22,5 млн доллардан жоғары болуы ықтимал. Дәл аталған соманы 2012 жылы мекен-жайға қатысты жарнама үшін Google компаниясы төлеген еді.

Facebook-ке салынатын айыппұл ауқымы Google компаниясына салынған айыппұл көлемінен асады деп күтілуде.


Бірнеше жыл бұрын Cambridge Analytica компаниясы әлеуметтік желі қолданушыларына өздерінің психологиялық портреттерін құруға мүмкіндік беретін Facebook желісіне арналған қосымшада жеке деректерді пайдаланған. Аталған қосымшаны өздеріне қатысты жеке ақпараттарды берген 270 мың адам жүктеп алған.

Кейіннен Cambridge Analytica қосымша арқылы алынған деректерді толығымен жойдық деп мәлімдеді, бірақ барлық деректер жойылмаған болып шықты. АҚШ-та өткен сайлау алдындағы науқан кезінде фирма мақсатты және психологиялық тұрғыдағы жарнама құру үшін елдегі электораттың жеке деректерін пайдаланған деген болжам бар.

Желіні пайдаланушылардың жеке ақпараттары тарап кеткені мәлім болғаннан кейін  қолданушылар #DeleteFacebook және #BoycottFacebook науқанын бастады. Бірқатар компаниялар әлеуметтік желіге жарнама беруді тоқтатты. 19 наурыздан бастап компанияның бір акциясының құны Нью-Йорктың қор биржасында 177 доллар 1 центтен 165 доллар 4 центке құлады.Кейіннен АҚШ Конгресінде мәлімдеме жасаған Facebook басшысы Марк Цукерберг барысында желі қолданушыларының жеке ақпараттарының таралып кетуіне қатысты кешірім сұрады.

 

Safina Said

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз