Иран үкіметі әйелдердің стадионда футбол көруіне рұқсат бермек

0
73
Photo: inform.kz

Иран президентінің парламент мәселелері жөніндегі орынбасары Хосейн Әли Әміри үкімет иран әйелдерінің футбол стадиондарына баруына рұқсат етілуіне жағдай жасап жатқанын айтты.

Әміридің айтуынша, әйелдер стадионға баруы үшін оларға ғана арналған орындықтар, кіріп-шығатын қақпалар, жүретін жолдар, әлеуметтік қызмет секілді тиісті инфрақұрылым қалыптастырылады. Жастар және спорт министрінің бұйрығымен бұл реттегі жұмыстар елдегі негізгі стадиондарда жүргізіліп жатыр.

“Әйелдердің стадионға бару құқығын таптауға болмайды. Бұл бүкіл әлемде футболдағы белгілі құқықтардың бірі. Біздіңше, қоғамның тең жартысын құрайтын әйелдерді бұл құқықтан мақұрым ету дұрыс емес”, — деді ол.

Kazislam.kz сайтының хабарлауынша, 10 қазан күні ирандық әйелдер Азади стадионына барып, Иран құрамасының Камбоджамен ойынын тамашалай алады.

Айта кетейік, ирандық әйелдер былтыр да Иран-Боливия матчына барған. Сол ойында ирандықтар 2:1 есебінде жеңіске жеткен болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз