Коронавирус жұқтырған Ұлыбритания премьерінің жағдайы нашарлады

0
89
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон. Photo: Reuters

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон интенсивті терапия палатасына ауыстырылды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.

Соңғы бірнеше сағатта премьер-министрдің денсаулығы нашарлап, дәрігерлер оны жасанды тыныс алу аппаратына жақын жерге орналастырған.

SkyNews арнасының хабарлауынша, науқас есін біледі, бірақ жағдайы нашарлағандықтан дәрігерлер сақтық жасап, жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 19.00-де Борис Джонсонды өкпені жасанды желдету аппаратына жақын жерге ауыстырған.

Азаттық сайтының мәліметінше, Джонсон премьер-министр міндетін уақытша орындауды сыртқы істер министрі Доминик Раабқа тапсырған.

Жексенбі, 5 наурызда “коронавирус инфекциясы белгілері байқалған” 55 жастағы Борис Джонсон Әулие Фома ауруханасына жатқызылған болатын. Он күн бұрын британ үкіметі жетекшісінің дене қызуы көтеріліп, коронавирусқа шалдыққаны хабарланған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз