“Әлемдегі ең жүйрік әйел” өмірден озды

0
144

«Әлемдегі ең жүйрік әйел» атанған америкалық каскадер Китти О’Нил 72 жасында бақилық болды.

О’Нил 2 қараша күні Юрика қаласында (Калифорния штаты) пневмониядан көз жұмды. Оның өлімін жергілікті жерлеу бюросының директоры Лиза Карлсен растады.

О’Нил Голливудтың басты каскадерлік студиясы саналған Stunts Unlimited-қа қосылған бірінші әйел еді. Зымыран автомобиль  жылдамдығын сағатына шамамен 600 мил (966 шақырым) жылдамдыққа жеткізген ол «Әлемдегі ең жүйрік әйел» атағын алған.

Қазақпараттың хабарлауынша, каскадер әйел ең танымал трюктерінің бірін Wonder Woman (“Ғажап әйел”) телесериалы үшін орындады. Ол Лос-Анджелестегі Hilton қонақүйінің шатырынан секіріп, қолдарын  жайған күйі 39 метрдей қалықтаған күйі әуе жастығына құлаған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз