Мысырда 50 мумия жерленген мазар табылды

0
227
Сурет: AFP

Мысырда 50 мумия жерленген мазар табылды. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлады.

Тоғыз метр тереңдегі мола Мысырдың Минья провинциясындағы Туна әл-Ғәбәл ауданында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. 50 мумияның 12-сі бала. Олар төрт қабірге бөліп жатқызылған. Мумиялардың кейбірі матамен оралған, кейбіреулері тас табыттарда жатыр. Қазба жұмыстары кезінде жерлеуге қолданылған бетперделер мен саздан жасалған ежелгі бұйымдар да табылды.

Археологтардың айтуынша, мола Мысыр тарихының грек-рим кезеңіне (б.з.б. 330-305 жж.) тән.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз