Путин Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлерін Мәскеуге шақырды

0
97
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин Армения мен Әзербайжанның cыртқы істер министрлерін Мәскеуге Таулы Қарабақ қақтығысы кезінде қаза тапқандардың мәйіттері мен тұтқындарды алмасу мәселелері бойынша кеңесуге шақырды. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

“Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев және Армения Республикасының премьер-министрі Николь Пашинянмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Ресей Федерациясының президенті қайтыс болғандардың мәйіттері мен тұтқындарды алмасу үшін гуманитарлық себептер бойынша Таулы Қарабақ қақтығыс аймағында жүргізіліп жатқан әскери қимылдарды тоқтатуға шақырады. Ресей cыртқы істер министрінің бітімгершілігімен консультациялар өткізу үшін Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері 9 қазанда Мәскеуге шақырылады”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, Әзербайжан мен Арменияның арасындағы Таулы Қарабақ қақтығыс 27 қыркүйекте қайта басталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз