Түркия сауда қақтығысында АҚШ-қа жауап қайырды

0
188
дереккөзден

Түркия Вашингтонның болат пен алюминийге салған баж салығына жауап қайырады. Атап айтқанда түрік тарабы Құрама Штаттардан келетін тауар түрлеріне – автокөліктерден күннен қорғайтын жақпа майлар импортына дейін баж салығын салуға ниетті. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлайды.

Түркияның Дүниежүзілік сауда ұйымына берген құжатына сәйкес, түрік тарабы салықтардан жылына 267 млн доллар түсім алуға ниетті, бұл сома түріктің алюминий мен болатына АҚШ-тың салған баж салығының сомасына сәйкес келеді, деп жазады Интерфакс-Казахстан.

Агенттік өз кезегінде Түркия Құрама Штаттардан 1,8 млрд доллар көлемінде тауар импорттайтынын жазады. Түркия АҚШ-қа 1,1 млрд доллар көлемінде болат пен алюминий жеткізеді.


Осы жылдың наурыз айында Ақ үй басшысы Дональд Трамп болат импортына 25 пайыз, алюминий импортына 10 пайыз салық салынатының жариялаған еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз