Трамп құпия қызмет басшысы Рэндольф Аллесті жұмыстан босатты

0
115
АҚШ Президенті Дональд Трамп. Сурет: Rambler

АҚШ президенті Дональд Трамп құпия қызметі басшысы Рэндольф Аллесті қызметінен кетірді. Бұл туралы Ақ үй баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент мұндай шешімді ішкі қауіпсіздік министрі Кирстьен Нильсеннің отставкасынан соң бір күннен кейін қабылдаған.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерстің айтуынша, Аллестің орнына мамырда құпия қызметтің қызметтік агенті Джеймс Мюррей келеді.

Ал кеден және шекара мәселелері ведомствосының басшысы Кевин МакАлинан, Трамптың мәлімдеуінше, отставка кеткен Нильсеннің орнына ішкі қауіпсіздік министрінің міндетін уақытша атқарады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз