Жапонияда әлемдегі ең ірі жанартаулардың бірі оянды

0
5
Асо жанартауы/дереккөзден

Жапонияда елдің оңтүстік-батысында орналасқан Асо жанартауы оянды. Бұл туралы жергілікті NHK телеарнасы хабарлайды.

Жергілікті метерологиялық агенттік ақпарына сәйкес вулкан күлімен араласқан түтін жанартаудың ошағынан 200 метрге дейін көтерілген.

Мамандар жер асты дүмпулері мен жанартау газдарының сыртқа шығуы салдарынан жағдайға алаңдаушылық танытты. Қауіпсіздік мақсатында жергілікті тұрғындарға тауға 1 шақырымнан артық жақын келмеу ескертілді.

Асо жанартауының биіктігі 1592 метрді құрайды, әлемдегі ең ірі жанартаулардың бірі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз