Шымкент-Дубай әуе рейсі ашылады

0
108

2018 жылғы 29 желтоқсаннан бастап Біріккен Араб Әмірліктерінің «Fly Dubai» әуе компаниясы Шымкент – Дубай жаңа рейсін ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Facebook парақшасында хабарлады.

Шымкент – Дубай – Шымкент бағытындағы рейстер аптасына екі рет сейсенбі және сенбі күндері Boeing 737 ұшағымен аттанады. Сонымен қатар, жолаушыларға ыңғайлы болу үшін және туристік маусым мен мереке алдындағы кезеңде сұранысты қанағаттандыру үшін «Fly Dubai» әуе компаниясы 2019 жылдың көктемінен бастап Астана – Дубай – Астана бағыты бойынша аптасына орындалатын рейстер жиілігін 4-5 рейске дейін көбейтуді жоспарлап отыр.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз