Тоқаев: Қырғызстанға көмектесу үшін барлық мүмкіндікті қарастырамыз

0
268
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: akorda.kz

30 қазан күні Қасым-Жомарт Тоқаев елге жұмыс сапарымен келген Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев Қырғызстанда болып жатқан оқиғаларды Қазақстанның мұқият бақылап отырғанын, оны қырғыз елінің ішкі мәселесі деп қарайтынын атап өткен.

Бұған дейін Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің Қазақстанға келудегі мақсаты қаржылай көмек сұрау екендігі хабарланған болатын.

Photo: akorda.kz

“Бауырлас қырғыз елінің болашағына алаңдаймыз. Сондықтан Қырғызстанға көмек көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырамыз. Бұған дейінгі келісімдер негізінде екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуды жалғастыра береміз”, – деді Тоқаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз