Үздік хоккейшілер Астанада бас қосады

0
83

10 қаңтар Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) үздік ойыншылары  Астанада бас қосады. Бұл туралы лиганың баспасөз қызметі хабарлайды.

Хоккей сүйер қауым тағатсыздана күтіп отырған танымал ойыншылардың тартысы елімізде тұңғыш рет өтеді.

«Хоккей жұлдыздары апталығына» ҚХЛ-дың 27 клубынан 48 спортшы қатысады.

4 командаға бөлінген жұлдыздар өзара мықтыларын анықтайды.

Матчтар жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де басталады.

«Хоккей жұлдыздары апталығында» астаналық «Барыс» командасы сапынан Найджел Доус, Кевин Далман және Линден Вей сынды ойыншылардың ойнайтыны белгілі болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз