Қазақстан құрамасының бас бапкері белгілі болды

0
89
Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Михал Билек.

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне чехиялық маман Михал Билек тағайындалды. Бұл туралы бапкер Билек арнайы өткізген баспасөз мәслихатында айтты.

Михал Билек бапкерлік қызметін “Теплица” клубында бастаған. Сондай-ақ өз елінде “Фастава Злина”, “Хмел”, “Виктория Пльзень”, “Спарта” және “Высочина” клубтарында бапкер болған.

Коста-рика елінің “Картахинес”, словакиялық “Ружоберок”, грузиялық “Динамо” клубтарында бас бапкері болғандығы белгілі.

2002-2003 жылдары Чехияның он тоғыз жасқа дейінгі құрамын жаттықтырып Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған. 2009 жылы Чехия құрамасының тізгінін төрт жыл ұстаған. Михал Билек баптайтын Чехия құрамасы Еуро-2012 додасының ширек финалында Португалияға есе жіберді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері болған Станимир Стойлов өз еркімен қызметінен кетті.

Қазақстан құрамасы алда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеуде Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Марино құрамаларымен бір топта ойнайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз