Бейбіт Шүменов тартысты бәсекеде жеңіске жетті

0
279

Бүгін Астанадағы “Барыс Арена” стадионында қазақстандық Бейбіт Шүменов пен түрік боксшысы Хизни Алтынкая арасындағы тартысты бәсеке мәресіне жетті. 12 раундтық қолғап түйістіруде Б. Шүменов жеңіс тұғырынан көрініп, ауыр салмақтағы WВA титулындағы әлем чемпионы атағына ие болды.

Бұған дейін қос былғары қолғап шебері салмақ өлшеген еді. Қазақстандық боксшы – 90, 5 кг салмақты құраса, түрік боксшысы – 88,4 кг салмақ дәрежесін көрсетті.

Шаршы алаңдағы тартысты бәсекенің алғашқы раундында қос боксшы бір-бірін біраз аңдысып жүрді. Дегенмен, алғашқы раунд-ақ Шүменов қарсыласына сәтті соққы бағыттап, нокаундқа жіберді.

Дегенмен, түрік боксшы бірден ес жиып, тартысты жалғастырып кетті. Келесі раундтар да Шүменовтың пайдасына шешілді. Тоғызыншы раундта Алтынкая өзіне тағы да соққы жіберіп, салдарынан нокдаунға ұшырады. Осылайша, жеңіс Шүменовке бұйырды.

Шүменов аталған жеңісін есепке алғанда шаршы алаңда 18 рет жеңіс биігінен көрінді, бұған дейін екі рет жеңіліс тапқан еді. Өз кезегінде, түрік боксшысы Алтынкая өз бокс мансабында 30 рет жеңіске жетіп, оның екеуінде жеңіліс тапты.

Атап өтерлігі, бұл  бәсеке Шүменов үшін боксқа қайта оралған сәтіндегі алғашқы тартыс. Ол рингке 2016 жылдың мамырынан бері шықпаған еді.

Бокс кешіне келген танымал былғары қолғап шеберлері қатарында Данияр Елеусінов, Болат Жұмаділов, Бахтияр Артаев, Серік Сәпиев бар.

Сабина Ақтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз