Садриддин Ахмедов WBC чемпионы атанды

0
134
WBC чемпионы Садриддин Ахмедов.

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов жастар арасындағы WBC чемпиондық белбеуін жеңіп алды. 

Ол Канаданың Монреаль қаласында өткен кәсіпқой боксы кешінде мексикалық Абрахан Хуареспен бокстасты. Он раундтан тұрған жекпе-жек бес раундқа жетпей аяқталды. Мексикалық боксшы қатарынан екі рет нокдаун алған соң төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Азаттық радиосының хабарлауынша, бұған дейін 14 желтоқсанда Садриддин Ахмедов мексикалық қарсыласы Элиуд Мелендес Рочуды жеңген.

Бұл – 20 жастағы Ахмедовтің кәсіпқой бокстағы жетінші кездесуі. Ол бұған дейінгі кездесулерінің бәрінде жеңіске жеткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз