Шавкат Рахмонов UFC дебютінен қанша табыс тапты

0
96

24 қазан күні Абу-Дабиде (Fight Island) өткен UFC 254 турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмонов жеңіске жетіп $37,500 пайда тапты. Бұл туралы sportekz сайты хабарлады.

Үш раундтан тұратын жекпе-жекте Шавкат, бразилиялық Алекс Оливейраны алғашқы раунда тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті. Осы жекпе-жекте кепілденген $10.000, жеңгені үшін бонус ретінде тағы $10.000, жарнамалық бонусқа $3.500, және қарсылас Алекс Оливейрадан белгіленген салмақ дәрежесінен асырып алғаны үшін айыппұл ретінде $14.000 қосымша алды. Барлығы $37,500.

Шавкаттың қарсыласы Алекс жеңіліс тапқанның өзінде $75,000 алатын еді. Алайда салмағының артықтығынан айыппұл ретінде $14,000-ын Шавкатқа берді.

Турнирдің басты жекпе-жегінде чемпиондық атағын қорғап қалған Хабиб Нурмагомедов $3,090,000 алды. Хабибтің қарсыласы Джастин Гэтжи $630,000 пайда тапты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз