Қытайда робот мұғалімдер сабақ береді

0
995
Сурет: vladtime.ru

Қытайдағы 600 балабақшаның бүлдіршіндері осы жылы жаңа тәрбиешілерімен танысты. Оның бойы бар жоғы 60 сантиметр, ақшыл домалақ басы, бетінің орнында сенсорлы экран бар. 

Білім беру саласындағы жаңа қызметкердің аты Кико (Keeko). Ол ақылды робот. Киконың мақсаты жас ұрпақты білімге ынтықтыру.

Ол балаларға қызықты оқиғалар мен ертегілер айтып, деңгейлеріне орай түрлі жұмбақ пен тапсырма орындатады. Егер бала дұрыс жауап берсе, сенсорлы экранда қызыл жүрекшелер жанады. Бұдан бөлек, үздіксіз видеоға түсіріп, сұрақтарға жауап береді.

“Маған роботтың ең ұнайтын тұсы эмоциялық тұрғыда адамдарға қарағанда бірқалыпты әрекет етеді”, – дейді Кикомен бірге жұмыс жасаған балабақша мұғалимасы.

Роботтың бағасы 10 мың юань (шамамен 600 мың теңге) – бұл орта есеппен алғанда қытай мұғалімінің бір айлық жалақысы.

Кико роботтарын жасаушы өнімді басқа да Азия елдерінде сатуға ниеттеніп отыр.

Қытай – роботтар отаны

Халықаралық робототехника федерациясының мәліметінше Қытай роботтарды қолдануда әлемде бірінші орында тұр.

Euronews ақпаратына сүйенсек бүгінде аспан асты еліндегі зауыттарда 340 мың андройд еңбек етуде. Сонымен қатар, олар тауар жеткізу, көшеде қарияларға жол көрсету, ауруға диагноз қою, анықтама беру секілді жұмыстарды жасай береді.

Қытай билігі жасанды интеллектке белсенді түрде инвестиция құйып жатыр. Тіпті, “2025 Қытайда жасалған” атты жоғары технологияны дамыту бағдарламасын да іске қосты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз