Бүгінгі өткен Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Ресейдің Кемерово қаласындағы қайғылы өрт оқиғасынан сабақ алуға шақырды.
Сағынтаев:
«Ресейдің Кемерово қаласында болған қайғылы жағдай барлықтарыңызға мәлім. Сауда орталығында өрт болып, 60-тан астам адам қаза тапты. Оның отыз бесі балалар. Елбасы Ресей президентіне ресми түрде көңіл айтты. Бізде бұл төтенше оқиғадан сабақ алуымыз керек», –
деді.
Әлеуметтік желілерде қызу талқыға салынып жатқан қайғылы оқиғаның мән-жайын блогерлер де сауда орталықтарына барып тексеріп жүр.
Премьер-министр:
«Ішкі істер министрлігі өртке қарсы қызмет әкімдіктермен бірлесіп, сауда орталықтарында тексеріс өткізіп, тиісті шараларды қолдану қажет», –
деп, басты бақылауды Асқар Ұзақбайұлына тапсырды.