Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстандағы сөз бостандығының деңгейіне баға берді.
Сейсенбі күні Министр Абаевқа Forbes Kazakhstan журналы мен Ratel.kz ақпараттық порталы кеңселеріне осы дүйсенбі полиция қызметкерлерінің тінту жүргізіп, бірнеше журналисті тергеуге алғаны жайлы ақпар берілуі сұралды.
Журналистер «демократиялық елде сөз бостандығын қамтамасыз етуі тиіс» ведомствоның басшысы ретінде Абаевтың сөз және пікір бостандығын қалай бағалайтынын сұрады. Дәурен Абаев 10 балдық шкала бойынша елдегі сөз бостандығы деңгейінің 7-8 балл шамасында екенін айтты.
Кетуі керек болса да, журналистердің сұрағына байыппен жауап беріп отырғанын мәлімдеген Абаев бұл жайттың өзінің елде сөз бостандығының барының дәлелі бола алатынын атап өтті. Абаевтың айтуынша, журналистердің қолын ешкім қағып отырған жоқ.
Дүйсенбі күні полиция қызметкерлері Ratel.kz порталы мен Forbes Kazakhstan журналының редакцияларында тінту жүргізген. Журналист Вадим Борейконың ақпаратынша, Ratel.kz редакциясында құжаттар мен компьютерлер тәркіленген. Порталдың бас редакторы Марат Асипов, орынбасары Сапа Мекебаев және шолушы Анна Калашникова мен Forbes Kazakhstan журналының бас редакторы орынбасары Александр Воротилов ұсталып, кейін қайтадан босатылған болатын.