Алдағы сенбіде қала тұрғындары «Біз – таза елорданы қолдаймыз!» ұранымен өтетін жалпы қалалық сенбілікке шығады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жалпы қалалық сенбілікті өткізудегі мақсат – елорда көшелеріндегі тазалықты сақтау мәселелеріне қоғамның назарын аударту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Өз көшелері мен аулаларын абаттандыру шараларына қала тұрғындары мен ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады.
Тазалық жұмыстары жүргізілетін орындар:
«Алматы» ауданы – Абылай хан даңғылы, М1 көпірі, Проектная к-сі. № 69, Тәуелсіздік даңғылы,Сәтпаев к-сі, Б. Момышұлы даңғылы, Қошқарбаев даңғылы, Ш.Құдайбердіұлы даңғылы, Ақбұлақ өзенінің бойы, Отан қорғаушылар саябағы, Темір жолшылар ауылы, Интернациональный ауылы, Мичурино ауылы, Күйгенжар ауылы
«Байқоңыр» ауданы – Сейфуллин к-сі (Республика даңғылынан Ш.Уәлиханов көшесіне дейін), Республика даңғылы (А.Бараев көшесінен Бөгенбай көшесіне дейін), Пушкин к-сі, Алаш тас жолы (Ақжол көшесінен «Биг Шанхай» базарына дейін), Уәлиханов к-сі (Кравцовтан С. Сейфуллинге дейін), 69 к-сі (Алаш тас жолынан ТЭЦ-2 ге дейін), Иманов к-сі (Республика даңғылынан бастап Пушкин к-сіне дейін)
«Есіл» ауданы – Тұран даңғылы (Сығанақ көшесінен Астана жұлдызы сақинасына дейін), Қабанбай батыр даңғылы (Керей Жәнібек көшесінен «Астана Жұлдызы» алаңына дейін), Қорғалжын тас жолы (Тұран даңғылынан Ш. Айтматов көшесіне дейін), Әуежайға бағыт алғандағы жол, Мәңгілік ел даңғылы (Ұлы Дала даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейін), 24 к-сі, Қосшы жолы, Керей Жәнібек хандар к-сі, 31 к-сі, Орынбор к-сі (Тұран даңғылынан Ш. Айтматов көшесіне дейін), Астаналық саябақ