Бес әлеуметтік бастамаға қанша қаражат жұмсалмақ?

0
341
дереккөзден

Бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру үшін 2 трлн 600 млрд теңге қаражат жұмсау көзделіп отыр. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІ сессиясында мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, бес әлеуметтік бастама – бұл әр адамның әл-ауқатына бағытталған жоба. Аталған бастамаға жұмсалатын қаражат ауқымды, бұл Қазақстан азаматтарының өз болашағына салған инвестициясы, дейді мемлекет басшысы.

Бұдан өзге Қазақстан президенті ішкі күрделі жағдайға қарамастан, бес жобаның қолға алынғандығын алға тартты. Н. Назарбаев бес әлеуметтік бастама 3 негізгі себептен туындағанын атап өтті:

“Жаңа ғасырдың екінші он жылдығының алғашқы сегіз жылының сараптамасы мынаны көрсетеді: егемен елдердің ішкі істеріне шет мемлекеттердің араласуы салдарынан әлемнің түрлі өңірінде ыдыраудың болуы, екінші себеп – ұлттың әлеуметтік бірлігі мен интеграциясының болмауы. Ғаламдық және аймақтық іс-тәжірибе көрсеткендей, қалыптасқан мемлекет бұл – әлеуметтік бірлігі мығымдалған мемлекет”,

– деп атап өтті Қазақстан президенті.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз