Елордада «Көшпенділер әлемі» фестивалі өтуде

0
581
Астанада 8 мемлекет өкілдерінің қатысуымен «Көшпенділер әлемі» халықаралық мәдени этнофестивалі өтуде. Жер-жерден жиналған көшпелі халықтың өкілдері дала халқына тән қасиеттері мен ерекшеліктері бойынша өзара сынға түсіп, жұртшылықты мәдени құндылықтарымен таныстырып, ұлттық ерекшеліктерін паш етуде.

Халықаралық фестиваль Венгрия, Болгария, Түркия, Украйна, Ресей Федерациясы (Башқұртстан, Якутия), Қырғызстан және Қазақстан мемлекеттері өкілдерінің және “Қазақстан барысы”, “Көкпар”, “Аударыспақ”, “Жамбы ату” секілді ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Чемпионатына қатысушылардың салтанатты шеруімен басталды.

Ең алғаш 2008 жылы Мажарсатннан бастау алған «Көшпенділер әлемі» этнофестивалі бұл жылы елордамыз Астананың 20 жылдығы қарсаңында өткізілуде.

Сондай-ақ, елордада алғаш рет өткізіліп отырған фестивалға Астана маңындағы «Қазанат» иппадромына жеті бірдей ауыл тігіліп, фестивалдің алғашқы күнінде «Sarbaz rukgy» (Қазақстан), Magyar-Turan (Венгрия), «Бага-Тур (Болгария), «Любизар-Северные Амуры» 1-Башқұр атты полкі» әскери-патриоттық клубы (Башқұртстан) және Түріктің Ордугай командалары өнер көрсетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз