Қостанай және Ақмола облыстарында дауылды ескерту жарияланды.
“Қазгидрометтің” хабарлауынша, 1 тамыз күні Қостанай облысында кей жерлерде күн күркіреп, 15/20 м/с жылдамдықта жел соғады. Таңертең және кешке кей жерлерде тұман болады. Дауылдың болу ықтималдығы 90-95 %.
1-3 тамызда Ақмола облысындағы кей аймақтарда күн күркіреп, бұршақ жауады, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Таңертең және кешке кей аймақтарда тұман болады.
Астанада күн күркірейді, таңертең және кешке тұман болады. Дауылдың ықтималдығы 80-85 %.