Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін пәтерді ҰОС мүгедек қатысушылары, жетім балалар, мемлекеттік қызметкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтары алады.
Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысының міндетін атқарушы Артем Әбілдинов айтқандай Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің салымшылары үшін жалпы алаңы 22,58 мың шаршы метр 364 пәтер, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ баспанасы» бағдарламасы бойынша 80 пәтер және кезектегілер үшін жалпы алаңы 38 мың шаршы метр 677 пәтер беріледі.