Астанада ШҚО ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтеді

0
290
дереккөзден

29-30 қыркүйекте «Қазақстан» спорт кешенінің аумағында (Қ. Мұңайтпасов, 9) елорданың 20 жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Астана қаласының әкімдігі таратқан ақпарға сәйкес, облыстың ірі тамақ өңдеу кәсіпорындары және шаруа қожалықтары Астана қаласының тұрғындарына экологиялық таза жоғары дәрежедегі өнімдерді ұсынады. Жәрмеңкеге облыстың Семей, Өскемен қалалары және Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Зырян, Глубокое, Зайсан, Жарма, Тарбағатай, Күршім, Көкпекті, Шемонайха, Қатонқарағай, Ұлан, Үржар аудандарының ауылшаруашылығы тауар өндірушілері қатысады. Жәрмеңке өткізу кезінде 45 шатыр орнатылып, 50 сауда орындары ұйымдастырылады.

Алаңға орнатылған палаткаларда келесі өнімдердің түрлері сатылады: бал және ара өнімдері, күнбағыс майы, қарақұмық жармасы, бұрыш, жылқы еті, сүт өнімдерінің түрлері (сүзбе, ірімшік, қаймақ, сүт қышқылды өнімдер), шұжық өнімдері, балық, панты өнімдері, бақша өнімдері және картоп, қырыққабақ, сәбіз және әртүрлі ұлттық тағамдар: қымыз, тары, құрт.

Жәрмеңке аясында елорда тұрғындарына 35 тонна бал, 6 тонна шұжық өнімдері, 11 тонна сүт өнімі, 13 тонна күнбағыс майы, 8 тонн жарма, 45 тонна жылқы еті, 10 тонна қымыз және ұлттық тағамдар, панты өнімдері, 200 тоннаға жуық көкөніс өнімдері, картоп және т.б өнімдер ұсынылады. Барлығы 300 тонна ауыл шаруашылық өнімдері сатылады.

Өнімдер Астана қаласының базар бағасынан 15-20 пайызға төмен бағамен сатылады.

Жәрмеңкенің өту уақыты: сенбі және жексенбі күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. Бағдарлама аясында облыстың көркемөнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өткізу жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз