Қазақстанда алғашқы химиялық кастрация жасалмады

0
83
дереккөзден

Қазақстандағы алғашқы химиялық кастрация процесі болмады. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды. 

Төлеби ауданының тұрғынына кесілген химиялық кастрация жазасын соңғы сәтте сот мақұлдамаған деп хабарлайды Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев.

“Жоқ, кастрация болмады. Сот үкімді жою туралы хабар берді”, – дейді басқарма басшысы.

2018 жылдың сәуірінде Төлеби ауданының 30 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған жеткіншекті зорлағаны үшін сотталған еді. Сот ер адамға мәжбүрлеп емдеу түрі ретінде химиялық кастрация жазасын тағайындады. Кейіннен прокуратура жазаны орындауды тоқтату туралы шешім қабылдады, жарты жылдан кейін химиялық кастрация туралы сот шешімі апелляциялық коллегияда алынып тасталды.

Республикада 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап педофилдер үшін химиялық кастрация түрінде мәжбүрлеп емдеуді көздейтін заңнамалық түзетулер күшіне енген еді. Балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық түзетулерге мемлекет басшысы Н. Назарбаев 2016 жылдың сәуір айында қол қойған болатын. Түзету енгізілген заңнаманың ішінде химиялық кастрация шарасы қарастырылған.

Өткен жылдың қыркүйегінде денсаулық сақтау министрлігі алғашқы химиялық кастрация туралы өтінім келіп түскенін мәлім етті. Мемлекет жалпы есепте 2 мыңнан астам инъекцияға қаражат бөлген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз