Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

0
261
Жаңбыр. Photo: BBC

29 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, оңтүстіктің кей жерлерінде нөсер жаууы мүмкін, республиканың оңтүстік-шығысында ғана күн жауын-шашын болмайды. Бұл туралы “Қазгидромет” хабарлады. 

Республиканың түрлі өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, оңтүстікте найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

“Қазгидромет” синоптиктерінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады, 25 м/с жел соғады. Қызылорда облысында тұман түседі, шаңды дауыл тұрады, жел күшейеді, найзағай ойнайды. Жамбыл облысында да тұман түсіп, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады. Түркістан облысында найзағай ойнап, жел күшейеді.

Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында 15-20 м/с жел соғады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында жауын-шашын мен қардың еруі салдарынан өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін. Үлкен Алматы және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні қаупі байқалып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз