«Жас отау» қоғамдық қоры Астанада 82 отбасына пәтер кілтін табыстады

0
234

Жас отбасылар мен табысы мардымсыз азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуді мақсат ететін Республикалық «Жас отау» қорының тұсау кесу рәсімі болып өтті.

Аталған қоғамдық ұйым тұрғын үйге мұқтаж жандарды қамтамасыздандыру мақсатында заманауи технологиялардың  жетістігін пайдалана отырып, шағын және орташа көлемді 2-3 қабатты үйлер салуды, сондай-ақ, қала сыртынан кооперативті үйлер салу үшін Үкіметтен тегін жер телімдерін сұрауды көздеп отыр.

Сонымен қоса инвесторлардан қайтарымды және қайтарымсыз ақша қарыз алуды жоспарға алып, 90% қайтарымды қарызды жұмыс істейтін отбасылардың кірісіне қарай үстеме пайызсыз бір жылдан бес жылға дейін беріледі. Ал қайтарымсыз қаражат жетім-жесірлер мен мүгедектерге қайырымдылық мақсатта жұмсалатын болады деп жоспарланған.

«Жас отау» қоғамдық қоры бойынша жас отбасылар мен басқа да мұқтаж азаматтар ай сайын 50-100 мың теңгеден төлеп, 1 немесе 2 жыл ішінде пәтерге қол жеткізе алады.

Республикалық «Жас отау» қорының директоры Асхат Базарханұлы «Қазіргі таңда қор атынан Алматы қаласының шетінде екі тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қоса Елордада да 82 пәтер кілті иелеріне табысталды. Оның сыртында Қосшы кентінен тағы бір үйдің құрылысы бастау алды. Бүгінде қор арқылы баспаналы болғысы келетіндердің саны күн санап артып келеді», дейді.

Қор жетекшісінің айтуынша, мемлекет тарапынан арнайы табысы төмен азаматтарға арнап шығарылған баспанамен қамту орталықтары бар болғанымен, бәріне бірдей жете бермейді. Сол себепті халық кооперациясы арқылы бірігіп салынатын үйлер жастар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолайлы бастама болмақ.

Жадыра Аманбайқызы

Фото: Baq.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз