Аналар наразы болып, көшеге шықты

0
165

Нұр-Сұлтан қаласында көпбалалы аналар наразылық білдіріп, көшеге шықты. Олардың басты талабы – баспана.

Ашынған көпбалалы аналар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескісі келетіндерін жеткізді. Жиналғандардың бір ғана талаптары осы уақытқа дейін шешілмей келген баспана мәселесі.

“Біз үй талап етіп жатырмыз. Қазір баспана кезегінде тұрған адамдар көп. Неге мемлекет ондай жағдайға жеткізіп отыр? Қазақстанның байлығымен баспана кезегі мүлдем болмауы керек. Біз арендалық пәтерге іліге алмай отырмыз. 2 проценттік ипотека алайын десек, “созаемщик” сұрайды. Оны алу үшін жалақының көлемі 42 500 теңге болуы керек. Содан сәл асып кетсе, бермейді , – дейді көпбалалы ана Фируза Абызова.

Наразылы халықтың арнын басу үшін оқиға орнына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінінің орынбасары Светлана Жакупова мен жуырда ғана тағайындалған Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен келді.

Өз кезегінде Бақтияр Мәкен: “Біз әрбір ананың мұң-мұқтажын түсініп отырмыз. Көпбалалы отбасы екенін де білеміз. Бірақ қазір үйді бере салу деген жоқ. Бізде үй кезегінде көп адамдар тұр. Оларды да ұмытпауымыз қажет”, – деп халыққа басуын айтты.

Айта кетсек, бүгінде Нұр-Сұлтанда 46 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 3 мыңнан астамы көпбалалы отбасы екен. Биыл көпбалалы аналар, тұрмысы төмен азаматтар, мүмкіндігі шектеулі жандарға шамамен 2 мың пәтер беру жоспарланған.

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз