Ләйлім-Шырақ Ерланқызы: Мен әлемдегі ең бақытты баламын

0
546

Елордалық оқушының Мемлекет басшысына жолдаған эстафетасы бұқаралық сипат алып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жасар Ләйлім Шырақтың Абай өлеңдерін оқуға қатысты ұсынысын қуана қабыл алып, басқаларға ұсынған эстафета бүгінгі таңда шетелдерде жалғасын табуда. 

Ләйлімнің мұғалімі Абайдың 175 жылдығына орай эстафета бастап, оны Ләйлім-Шыраққа жолдапты. Ал өзі кімге жолдасам деп көп ойланған.

Ләйлім-Шырақ Ерланқызы, мектеп оқушысы: – Кімге жолдаймын деп көп ойландық. Әке-шешем: «Президентке жолдамай-ақ қой. Шаруасы көп, қолы бос емес деп айтады.

Мен Президенттен басқа ешкімге жолдамаймын, Президентке жолдасам басқаларға да жолдаймын деп, мінезімді көрсеткенмін. Сөйтіп, жарайды деп, Президентке жолдадым. Мен негізі қобалжыдым, Президент алмауы мүмкін бе деп. Сөйтіп,  мен көргенде әлемдегі ең бақытты баламын деп сезініп қалдым.

Ләйлім Абай Құнанбаевтың 70 өлеңін жатқа біледі. Қыркүйекте болатын өзінің туған күніне дейін тоқсанға жеткізуді көздейді. Эстафетадан кейін өлең жаттауға деген құлшынысы тіпті артыпты.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз