Қазгидрометтің мәлімдеуінше сенбі-жексенбі күндері циклон мен атмосфералық фонттар еліміздің оңтүстік өңірлеріне әсер етеді.
Алдағы демалыс күндерімен қоса дүйсенбіде кей жерлерде жаңбыр соңы қарға ұласып тұман мен көктайғақ болады деп күтілуде.
Еліміздің басқа да өңірлерінде жоғары атмосфералық қысымның әсерінен тұман түсіп, аздаған қар жауады. Ауа температурасы төмендегенімен климаттық нормадан 3…6 градусқа жоғары болады.