Қазақстанның Алматы және Жамбыл облыстарында “жол-патрульдік полиция” көлігінің макеттерін орнатылып жатыр.
“QazAvtoJol” ҰК АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл макеттерді орнату республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын асырмау үшін ұйымдастырылған.
Бүгінде Алматы облысы бойынша 5 макет, ал Жамбыл облысында 4 макет жол жиегіне қойылған. Алдағы уақытта мұндай макеттерді Қазақстандағы барлық республикалық маңызы бар автожолдардың бойында орнату жоспарланған.