Қазақстанда жол бойына полиция көлігінің макеті орнатылып жатыр

0
481
Photo: QazAvtoJol

Қазақстанның Алматы және Жамбыл облыстарында “жол-патрульдік полиция” көлігінің макеттерін орнатылып жатыр. 

“QazAvtoJol” ҰК АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл макеттерді орнату республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын асырмау үшін ұйымдастырылған.

Photo: QazAvtoJol

Бүгінде Алматы облысы бойынша 5 макет, ал Жамбыл облысында 4 макет жол жиегіне қойылған. Алдағы уақытта мұндай макеттерді Қазақстандағы барлық республикалық маңызы бар автожолдардың бойында орнату жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз