Бірер күннен соң 2019 жыл аяқталады. Өткен жыл несімен есте қалды? Адамзат қайда барады? Әлемде не өзгерді? Kazaknews.kz агенттігі осы жылы ғаламды елең еткізген ақпараттарды топтастырды.
Әр тақырыптағы сілтемеге өтіп толық ақпаратты оқи аласыз..
Бразилияда бөгет бұзылып, 58 адам қаза тапты
Қаңтарда Бразилияның Брумадиньо қаласында бөгет жарылып 58 адам қаза тапты. 300-ге тарта адам із-түзсіз жоғалды.
Бөгет металлургиялық өнеркәсіп қалдықтары бар суды тежеп тұрған. Апат болатын сәтте ескерту жүйесі істемей қалғандықтан, сел шахталарды шайып, үйлерді және жүздеген жұмысшы тамақтанып отырған асхананы шайып кеткен.
АҚШ Huawei мен оның басшысына айып тақты
АҚШ әділет министрлігі Қытайдың Huawei телекоммуникациялық корпорациясының қаржы жөніндегі директоры Мэн Ваньчжоуға бірнеше айып тақты. Сонымен қатар корпорацияның өзіне де айып тағылды.
АҚШ билігі Мэн Ванчжоу Вашингтонның Иранға салған сауда санкциясын бұзып, сауда-саттық жасамақшы болған деп күдіктенеді. Оған америкалық бірнеше мемлекеттік мекемені алдау мақсатында қитұрқылық жасаған деген 13 айып тағылған.
Ал Huawei корпорациясының өзіне T-Mobile компаниясынан ақпарат пен технология ұрлады деген айып тағылды.
Рим папасы тұңғыш рет Араб Әмірліктеріне барды
Рим папасы Франциск тарихта тұңғыш рет Біріккен Араб Әмірліктеріне сапармен барды. Рим папасының үш күндік сапарының мақсаты – дінаралық диалог жөніндегі конференцияға қатысу болған.
Конференцияда діни фанатизмге қарсы күрес талқыланады. Жиын өткізу туралы бастаманы Египеттегі әл-Азхар университетінің имамы Ахмед әл-Тайеб көтерген. Бұған дейін Папа Франциск онымен бірнеше рет кездескен.
5 ақпанда Франциск Әбу-Дабиде құдайға құлшылық рәсімін өткізген.
Македония мемлекетінің атауы өзгерді
Түркияда билік партиясы алғаш рет ірі жеңіліске ұшырады
Түркияның жоғары сайлау комиссиясы Стамбұл мэрі сайлауында оппозициялық Халықтық-республикашыл партия өкілі Экрем Имамоглудың жеңіске жеткенін мойындады.
Ел президенті Режеп Тайып Ердоған басқаратын биліктің “Әділеттілік және даму” партиясы 1994 жылдан бері бірінші рет ірі сайлауда жеңіліс тапты.
Францияда Наполеонның тағы сатылды
Франция императоры Наполеон І Бонапарттың тағы француз монархтарының Фонтенбло тарихи резиденциясындағы аукционда 500 мың еуроға сатылды. Бұл туралы сауданы өткізген Osenat аукцион үйінің сайты хабарлаған.
Бердімұхамедов қазасы туралы сыбыс тарады
Түркіменстанда президент Гурбангулы Бердімұхамедов қазасы туралы сыбыс таратқандарды ұстап жатыр. “Түркіментелеком” компаниясы Лебап бөлімшесінің бір қызметкері, су шаруашылығы мен жергілікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының екі жұмысшысы ұсталған.
Үндістанда су тасқынынан 121 адам қаза тапты
Үндістанның Керала штатында болған су тасқыны салдарынан 8 тамыздан бері кем дегенде 121 адам қаза тапты. Ел үкіметі жариялаған деректерге сүйенсек, Малаппурам ауданы көп зардап шегіп отыр, мұнда 58 адам опат болған. Бұдан бөлек, Кожикоде ауданында 17, Вайанадта 12 адамның өмірі қиылған.
Жак Ширак қайтыс болды
Жак Ширак – Францияның 22-президенті. Ол билікте болған кезде президент өкілеттігінің мерзімі 7 жылдан 5 жылға қысқартылған. Президент болғанға дейін Ширак 18 жыл Париж мэриясын басқарған. Валери Жискар д’Эстен және Франсуа Миттеран президенттігі тұсында үкіметке жетекшілік еткен.
Жапония үкіметі отставкаға кетті
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ өз кабинетінің мүшелерінен отставкаға кету туралы арыздарын алды. Себебі тамызда Парламенттің жоғарғы палатасындағы сайлауда партия жеңіске жеткеннен кейін және қазан айында тұтыну салығын 10 пайызға дейін көтеру алдында үкімет құрамын өзгерту жоспары себеп болды.
ДАИШ экстремистік тобының басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдади өлтірілді
АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияның солтүстік батысында америкалық әскерилер жүргізген арнаулы операция нәтижесінде ДАИШ экстремистік тобының басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдадидің көзі жойылды деп мәлімдеді.
“Ақымақ болма!”: Трамп Ердоғанға хат жазды
АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға хат жазып, Сириядағы операцияны тоқтатуға шақырды.
Хатты ең алғаш FOX News журналисі Twitter-де жарияланды. Кейін бұл ақпаратты Ақ Үй растады.
Ресей мен Украина ортақ мәмілеге келді
Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленский жыл соңына дейін Украина шығысында атысты тоқтату режимін толық жүзеге асыруға келісті.
9 желтоқсанда Парижде өткен “норман төрттігі” саммитінен кейін таратылған ортақ мәлімдемеде осылай деп айтылады.
“Хашогги өліміне айыпты” бес адам өлім жазасына кесілді
23 желтоқсанда Сауд Арабиясының прокуратурсы журналист Жамал Хашоггидің өліміне айыпты деп танылған бес адамның өлім жазасына кесілгенін хабарлады.
Прокуратураның мәлімдеуінше, тағы үш адам түрме жазасына кесілген. Сот жабық өтіп, жауапқа тартылғандардың есімі жарияланбаған.
Abdimanap KENES