2020 жылдың 1 қаңтарына қараған түні президен Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Мемлекет басшысы өткен жылдың Қазақстан үшін қалай өткендігіне тоқталып, 2020 жылға арналған жоспарды қысқа атап өтті.
Қазақстан келесі жылы Конституцияның 25 жылдығын атап өтеді.
“Біз 2020 жылды “Еріктілер жылы” деп жарияладық. Бұл игі істердің бастауы болады. Мұндай шаралар қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты нығайту үшін керек”, – деді президент Тоқаев.