Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспары туралы айтты.
“Ең маңызды мәселе – қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Өткен жылы Қазақстан тарихында алғаш рет 13 миллион шаршы метр тұрғын үй болған, яғни 95 мың отандасымыз тұрғын үй алды”, – деді Бердібек Сапарбаев депутаттардың Үкімет әлеуметтік блогының министрліктерінің өкілдерімен кездесуінде.
Cапарбаевтың айтуынша, үкімет осы жылы берілетін пәтер санын 2 мыңға арттыруды жоспарлап отыр.
“Өткен жылы аз қамтылған отбасыларға 11 мың пәтер берілді. Оның 2 мыңға жуығы демеушілер есебінен . Қазір біз 2020 жылы бұл көрсеткішті 11 мыңға дейін жеткізу міндетін өзімізге алдық, ал демеушілердің көмегімен тағы 2 мыңды беру міндетін қолға алдық”, – деді өз сөзінде Бердібек Сапарбаев.