Статистика комитеті: өткен жылы 139 мың неке тіркелген, 60 мыңға жуық жұп ажырасқан

0
152

2019 жылы Қазақстанда 139,5 мың неке тіркеліп, 59,8 мың жұп ажырасқан. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлады.

Былтыр қиылған некелердің 98,2 мыңы немесе 70,4 пайызы қалада, 41,3 мың немесе 29,6 пайыз неке ауылдық жерде тіркелген.

  • 84,2 пайызы – моноэтникалық;

  • 15,8 пайызы этносаралық некелер болған.

Бірінші рет отбасын құрған:

  • ерлер – 81,8 пайыз;

  • әйелдер – 83,6 пайыз.

Қарым-қатынасын заңдастырғандардың көбі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Ең азы Солтүстік Қазақстан облысында.

2019 жылы отбасын құруды шешкендердің орташа жасы:

  • ерлерде – 27,6 жас;

  • әйелдерде 25 жас.

Әйелдердің 42,9 пайызы 20-24 жасында тұрмыс құратыны анықталған. Ерлердің 35,6 пайызы 25-29 жасында үйленеді.

Өткен жылы Қазақстанда ажырасу саны 9,1% артып, 59,8 мыңды көрсеткен.

Ажырасу ауылдық жерлерде аз болатыны белгілі болған. 26,3 пайызы немесе 15,7 мың жұп ауылдарда ажырасқан. Қаладағы көрсеткіш – 73,7 пайыз немесе 44,1 мың адам.

Заңды қарым-қатынасты үзгендердің ең көп саны Павлодар облысында тіркелді, ең азы – Түркістан облысында.

Бірінші некені бұзған жұбайлардың орташа жасы: ерлерде 37,9 жас, әйелдерде 34,8 жас.

Баласы болмаған ерлі-зайыпты арасында ажырасу жиі болады – 40,3 пайыз.  Бір баласы барлар – 30 пайыз, екі және одан да көп баласы барлар – 29,7 пайыз.

Былтыр некені ең көп бұзу 5-9 жыл отауласқандар арасында тіркелген – 27,7 пайыз.

Ажырасу:

  • 21,7 пайыз – бір шаңырақ астында 2-4 жыл тұрғандар;

  • 16,6 пайызы – 10-14 жыл;

  • 13,7 пайызы – 20 жыл және одан жоғары;

  • 8,2 пайызы – 15-19 жыл;

  • 7,5 пайызы – 1 жыл;

  • 4,6 пайызы – отауласқанына 1 жыл толмаған жұптар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз