Қазақстанда кинотеатрлардың қайта ашылуы үшін кинематография өкілдері және басқа да азаматтар otinish.kz сайтында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа онлайн петиция дайындап жатыр.
Онлайн өтініште кинотеатрлардың және кейбір мәдени демалыс орындарынан басқа барлық ұйымдардың жұмысының қайта жандануын сұраудан басталды. Азаматтар президенттен коронавирус жағдайының тұрақталуына байланысты денсаулық сақтау министрлігі ұсынған шектеу шараларын қолдана отырып, кинотеатрлардың жұмысына рұқсат беруін сұрайды. Мұнымен қоса 5000-нан астам қызметкерлердің айлығы төленіп отырғанын, бірақ жұмыс тоқтап шығынға ұшырап жатқандарын айтқан.
Осыдан 7 ай бұрын 13 наурыз күні карантин шектеулері негізінде жұмысын тоқтатқан кинотеатрлар әлі ашылмады. Елде пандемия тұрақталғанымен карантин толықтай аяқталмады.
Қазір онлайн петицияға өтініш бергендер саны 10 000-ға жақындаған.