“Мешіттен ақша ұрлаған” күдікті құрықталды

0
196

Мешіттердің қайырымдылық жәшіктеріндегі ақшаны ұрлаған 25 жастағы Қызылорда облысының тумасын Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері құрықтады. Бұл туралы Түлкібас ауданының полиция бастығы Данияр Мейрхан әлеуметтік желіде  жариялады.

Полиция бастығының жазбасына қарағанда, күдікті мешіттердегі бейнебақылауды көре тұра арам пиғылын іске асырған. Ол қайырымдылық жәшігін бұзып ішіндегі ақшаны  сөмкемен алып кетеді. Бұл оның алғашқы қылмысы емес.

Тергеу барысында күдіктінің Шымкентте – 20 рет, Түркістанда – 7 рет , Ордабасыда – 3 рет, Алматыда – 3 рет, Таразда – 10 рет ұрлық жасағаны белгілі болды. Қазір басқа облыстарда қылмыс жасап жасамағаны анықталып жатыр

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз