Павлодарлық азамат үскірік аяздан кіреберіс есігінің қатып қалғанын видеоға түсіріп желіде бөліскен. Бейнероликті tipavlo инстаграм парақшасы жариялаған.
Bu gönderiyi Instagram’da gör
Видео авторы жағдайды әзілге айналдырып:
“қараңыздар, мен көшеге шыға алмайтын сияқтымын” – деп жазған.
Видеоны көргендер жертөленің ылғалдылығынан осындай жағдай болғанын айтады. Кейбіреулер әзілдеп:
“Менің ас үйімнен көрі мұздатқышымның іші жылы” – деп пікір қалдырған.
Gismeteo мәліметінше, 5 қаңтар күні таңертең Павлодарда -32 градус аяз болады, бірақ -39 градус болып сезіледі. Болжам бойынша, күндіз -24 градусқа дейін жылынады.