15 қаңтарда Мәжілістің жаңа құрамы Нұрлан Нығматулинді төменгі палатаның төрағасы етіп бірауыздан сайлады.
Мәжіліске “Нұр Отан” атынан депутаттыққа ұсынылған Дархан Мыңбай бір күн бұрынғы партия отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Нығматулиннің кандидатурасын мәжіліс төрағалығына ұсынғанын айтты. Депутаттар бірауыздан қолдады. Билік партиясынан басқа екі партия “Ақ жол” мен ҚХП мүшелері де Нығматулиннің кандидатурасын қолдады.
Оқи отырыңыз: Назарбаев Нығматулинді мәжілістегі “Нұр Отан” фракциясының жетекшілігіне ұсынды
Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин 1962 жылы Қарағандыда туған. Кей жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары, көлік және коммуникация вице-министрі, президент әкімшілігі басшысының орынбасары, Қарағанды облысының әкімі қызметтерін атқарды.
Оқи отырыңыз: Мәжілістің жаңа депутаттары ант берді
2016 жылдан бері Парламенттің төменгі палатасы мәжілістің төрағасы болды. 2019 жылы бірауыздан “Нұр Отанның” мәжілістегі фракциясының жетекшісі болып сайланды.