Парламент мәжілісінің жаңа сайланған ең жас депутаты, Назарбаевқа ескерткіш орнатуды ұсынған Мәди Ахметов ел басқарған ұлы тұлғаларға құрмет көрсету әлемдік тренд екенін айтады.
“Өмірінің тең жартысын мемлекеттің қалыптасуына арнаған, Қазақстан үшін астанамызды салып, Түркістан қаласын жаңғыртып, шекарамызды шегендеп, тіл мәртебесін көтерген, Семей полигонын жапқан мұны сіз тарих беттерінен сызып тастай алмайсыз. Бұл жерде сол кісінің жасаған еңбегін, сол фактіні мойындап, содан қарап үлгі алу. Менің ойымша, бұл бүйректен сирақ шығаратын дүние емес, бұл әлемдік тренд. Американы, Түркияны, Сингапурды алып қарасаңыз да сол мемлекеттің қалыптасуына үлесін қосқан, елді басқарған азаматтарға сондай құрмет көрсетіп жатса мұның артықшылығы жоқ”, – деді депутат Ахметов.