Қазақстан Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшатын рейстер санын ұлғайтты. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
“15 ақпандағы ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес республика аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша Қазақстан “SCAT” авиакомпаниясына Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан Рас-эль-Хайм қаласына (БАӘ), Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды жолаушылары COVID-19 теріс ПТР-тесті теріс болған жағдайда аптасына 8 рейс орындауға рұқсат етті”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған шешімге сәйкес түрік авиатасымалдаушыларға Алматы мен Анталия қалалары арасындағы 2 қосымша рейстер орындауға рұқсат етілген.