Қазақстанда апта соңы ауа райы қандай болады?

0
228

“Қазгидромет” синоптиктері 27 ақпан мен 1 наурыз аралығындағы ауа райын болжады. Метеорологтардың айтуынша, ауа температурасы жоғарылайды.

“Солтүстік-Батыс циклонның жақындауымен республиканың басым бөлігінде күн суиды, батыс өңірлерді қоспағанда күндіз кей жерлерде жылиды. Кей аймақта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, тек елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейіп, боран соғады”, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 26 ақпанда боран мен қатты аяз туралы ескерткен болатын. Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы қолайсыз болады, кей жерлерде аяз 35-40 градусқа дейін жетеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз