Атырауда мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені қолға алынды

0
117

Атырау мұнай өңдеу зауытында Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенін іске қосу жұмыстары басталды. Шараға Атырау облысы әкімдігінің өкілдері және «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ басшылары мен мердігер мекемелер қатысты, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ашылу рәсімінде «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Ғалымжан Амантурлин сөз сөйледі: «Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені іске қосылған соң зауыттағы мұнай өңдеу көлемі жылына 5-тен 5,5 миллион тоннаға дейін артады, ал автокөлік жанармайын өңдеу жылына 1,7 миллион тоннаға дейін, дизель шығару 1,4 млн тоннаға дейін, авиакеросин болса 244 мың тоннаға дейін артады. Атырау мұнай өңдеу зауыты К4 және К5 (яғни Евро-4 және Евро-5) экологиялық классқа жататын мотор майларын шығарып мұнай өңдеу тереңдігін 84%-ға дейін ұлғайтады».

Атырау облысы әкімімінің бірінші орынбасары С.Е.Лұқпанов өз сөзінде Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жаңғырудың стратегиялық маңызын атап өтті. Бұл батыс өңірі үшін ғана емес,  тұтас еліміз үшін маңызды жаңалық. Ел экономикасын және соның ішінде мұнайды өңдеу саласын жаңа деңгейге көтеруге ат салысады.

DCIM100MEDIADJI_0015.JPG

Каталитикалық крекинг қондырғысында алдын-ала жұмыс барысында зауыт қызметкерлері және Axens компаниясының лицензиялық фирмасының өкілдерімен бірлесіп, центрифугалық компрессорды сынап, цистерналарда тепе-теңдік катализаторын жүктеді және зауыттың әртүрлі бөліктерінде басқа жұмыстарды жүктеді. Еске салайық, үстіміздегі жылдың маусым айында қуаты 20 МВт-тан астам каталитикалық крекинг қондырғысының пилоттық электр станциясы (осьтік компрессор) сынақтан өтті. Бұл агрегат өзінің өлшемімен және  Қазақстандағы энергиялық белсенділіктің бірегейлігімен ерекшеленеді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз