Қазақстанда тағы 18 жол учаскесі ақылы болады

0
240
Photo: kz.qaj.kz

Маусым айынан бастап елдегі 18 жол учаскесі ақылы жүйеге ауысады. Бұл туралы “QazAvtoJol” ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Хабарламада 5,8 мың шақырым болатын Шымкент-Өзбекстан шекарасы, Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Саратов), Орал-Ресей шекарасы (Самара), Ресей шекарасы (Орынбор)-Ақтөбе, Щучинск-Петропавл, Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Тараз, Тараз-Қайнар, Қапшағай-Талдықорған, Қарабұтақ-Қызылорда, Ақтөбе-Орал, Атырау- Бейнеу- Өзбекстан шекарасы, Ақтау-Бейнеу, Қостанай-Ресей шекарасы (Троицк), Нұр-Сұлтан-Қостанай, Павлодар- Ресей шекарасы (Омбы), Нұр-Сұлтан-Павлодар, Павлодар-Семей-Қалбатау учаскелері ақылы жүйеге көшетіні жазылған.

Ақылы жүйеге өткен бұл жолдарда шлагбаум болмайды. Көліктер өткізу бекетінде орналасқан арнайы камералар арқылы бақыланады. Жүргізушілер төлемді өз бетінше жасауы керек. Жол ақысы төленбеген жағдайда 1 апта ішінде 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл келеді.

Ереже бойынша жеңіл автокөлік 1 шақырымға 1 теңге, жүк көлігі 5 теңге мен 25 теңге аралығында төлейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз